Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (13-1, 4 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс кеші аясында қазақстандық мексикалық Элиот Чавеспен кездесті. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек соңғы сегізінші раундта аяқталды.

Осылайша, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді.