Алматылық «Қайрат» жаңа маусымға дайындық процесін жалғастыру үшін Анталияға келді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайраттың» ойыншылары мен бапкерлер штабы Алматыдан Анталияға аман-есен жетті. Келгеннен кейін команда Белек қаласына жол тартты. Бүгін футболшылар алғашқы жаттығуын бастайды.

Алғашқы бақылау матчы 9 ақпанға жоспарланған. Құрбан Бердыевтің шәкірттері Босния және Герцеговинаның «Борак» футбол клубымен кездеседі.