Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Дмитрий Рейхерд могулдан финал өнер көрсетті. Ол 76.77 ұпай жинап, үшінші финалға шыға алмады.

- 20 адамның ішінен 12-лік финалға өттім. Суперфиналдың жолдамасы үшін таластым. Дайындық та, көңіл-күй де тамаша болды. Жоғары трамплинде қиын әдісті орындадым. Барлық мүмкіндігімді таза, қатесіз өттім. Суперфиналға шығу үшін аз ғана ұпай жетпеді.

Қолымнан келгенді істедім. Өкінетін ештеңе жоқ. Бұл менің бесінші Олимпиадам. Жеңіс те, жеңіліс те болды. Әр күнім спортшы ретінде өтті.

Әлі де Олимпиада қатысармын, бірақ спортшы ретінде емес. Мен үшін Олимпиада аяқталған шығар. Бірақ спортшы ретінде әлі басқа жарыстарға қатысармын, - деді спортшы жарыстан соң Prosports.kz тілшісіне.

Фото: ҰОК