Сербиялық маман Сава Ковачевич «Тұран» футбол клубының академиясының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

49 жастағы маман бұған дейін Қазақстанда «Каспий» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, Бірінші лиганың күміс жүлдесін жеңіп алды.