Astana Qazaqstan Team командасы 16-20 ақпан арасында өтетін «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндігіне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың ресми Твиттеріндегі ақпаратқа сүйенсек, «Астана» сапында колумбиялықтар Мигель Анхель Лопес пен Харольд Техада, қазақстандықтар Алексей Луценко мен Евгений Федоров, сондай-ақ италиялықтар Винченцо Нибали, Фабио Феллине мен Валерио Конти өнер көрсетеді.

Фото Getty Sport