«Тобыл» футболшылары екінші оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі қостанайлықтардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОЖЖ барысында Александр Москаленко шәкірттері бірқатар матч өткізеді. Алғашқы спарринг 7 ақпанда өтеді - қостанайлықтар «Балтикамен» (Ресей) кездеседі. Кейін «Тобыл» жиын аяқталғанша үш күнде бір рет матч өткізіп тұрады.

Айта кетейік, екінші ОЖЖ 22 ақпанға дейін жалғасады.