Атакенттік «Мақтаарал» футбол клубы ресейлік «Ротор» командасымен Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізді.

«Мақтааралдың» Түркиядағы алғашқы матчы 0:0 есебімен аяқталды. ҚПЛ дебютанты бүгін, 4 ақпан, елорда уақытымен 20:30-да ташкенттік «Олимпик» командасымен күш сынасады.

«Ротор» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин өнер көрсететінін де айта кеткен жөн.