Алдағы демалыс күндері үстел теннисінен екінші неміс Бундеслигасында кезекті матчтар өтеді. Қазақстандық Анастасия Лаврова «SV SCOTT» командасының сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

5 ақпан күні Лаврованың командасы Германия чемпионатының үздігі «MTV» (Тоштедт) клубын қабылдайды.

6 ақпан күні қазақстандық спортшының ұжымы «ТТК» командасына қарсы шығады.

Айта кетелік, бұл команда сапында Эдже Харак (Түркия), Майя Кунац (Беларусь), Карлин ван Лиероп (Нидерланд), Маргарита Тишенко (Украина) бақ сынайды.