Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңдегі қысқы ойындардағы ұлттық құраманың үздік сәнді киім үлгісі тізімін жариялады. Үздіктердің қатарына қазақстандық спортшылардың киім үлгісі кірген, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан сән сынынан өтті» - делінген ХОК мәлімдемесінде.

«ZIBROO спорттық киімінің қазақстандық өндірушісі ресейлік дизайнер Дмитрий Шишкинмен Бейжің 2022 үшін ынтымақтасқан. Топтаманың көк және ақ түстері мұз бен қарды бейнелейді, ал қара түс сәттілікті білдіреді», – деп атап өтті Халықаралық Олимпиада комитетінен. Сондай-ақ ХОК өз шолуында Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «ең жақсы сән дипломатиясы» деп атады. Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның Олимпиадалық формасын да Бейжіңдегі ойындарда ең стильді киімдер рейтингіне қосқан болатын. Қазақстанмен қатар Халықаралық Олимпиада комитеті мен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия спортшыларының образдарын ерекше атап өтті.