UFC Russia инстаграм парақшасы ресейлік қазақ, UFC файтері Дамир Исмагуловты туған күнімен құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

Исмагулов 3 ақпанда 31 жасқа толды.

«Бүгін Дамир Исмагуловтың туған күні. Құттықтаймыз!», — деп жазды UFC Russia.

Айта кетейік, Исмагулов UFC-де 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Дамир атақты ММА-промоушені аясында төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.