Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық Әбілқайыр Шегалиев (8-0, 4 КО) армениялық Манук Диланянмен (12-7-1, 5 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орта салмақта өткен жекпе-жек толық 8 раундқа созылып, тең аяқталды. Бұл шараны Ресей бокс федерациясы ұйымдастырды.

Айта кетейік, 26 жастағы Шегалиев Alban Boxing Promotion промоутерлік компаниясының өкілі. Ол кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.