«Оңтүстік» академиясының түлегі 19 жастағы Асқар Сатышев «Гранада» (Испания) футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аскар Испания ұлттық чемпионатында Гранаданың U-19 командасында өнер көрсетеді.

Ойыншымен келісімшарт екі жылға ұзарту мүмкіндігімен 2022 жылдың маусымына дейін жасалды.