«Ордабасы» ивуарлық шабуылшы Жерар Гоуға қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz журналисі Ербол Қайыров хабарлады.

Гоу қазір «Ақтөбе» сапында жаттығып жүр. Бірақ бабына әлі толық келмегендіктен келісімшарт жайлы айтуға әлі ерте.

«Ордабасы» африкалыққа қызығушылық танытып, оны оқу-жаттығу жиынына шақырды.

Бұған дейін ақтөбелік клубтың бапкерлер штабы ойыншыға көңілі толмағаны белгілі болды.