Ресейлік боксшы Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) жекпе-жек өткізу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Ол орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша вакантты титул үшін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен (15-0, 8 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 5 ақпанда Ақтауда өтеді.

Бұл Adal Promotions ұйымдастырған кештің басты жекпе-жегі саналады.