Екі шетелдік ойыншы премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайық» командасына алынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жартылай қорғаушылар, ресейлік Артур Газданов пен бразилиялық Рафаэль Сабиньо дос Сантоспен келісімшартқа қол қойылды.