Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Украина құрамасының бұрынғы ойыншысы Сергей Усаковскийдің екі команда арасындағы қарым-қатынас туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Украина құрамасы Қазақстанды 5:3 есебімен жеңгеннен кейін Сергей Усаковский: «Украина әрқашан Қазақстанды жеңген. Олар біздің құраманың деңгейі емес. Бұл - менің пікірім. Сондықтан маған Қазақстанды суперкоманда деп айтса, күлкім келеді», - деген еді.

Бұған жауап ретінде Кака Instagram желісіндегі парақшасында былай деп жазды: «Егер мұны сен айтсаң, шынымен де күлкілі. Сені қайдан тапқан? Сенің қақпаға соққан бірде-бір голың есімде жоқ, сайқымазақ».