Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубы бірнеше футболшысымен келісімшарттарын созды.

Атап айтсақ, Мирослав Лобанцев, Валерий Каршакевич, Олег Мурачев, Ерасыл Сейтканов, Дмитрий Шмидт, Руслан Есімов, Юрий Бушман, Мусса Коне, Пабло Подио, Павел Яковлев, Тимур Мульдиновтер алдағы маусымда «Қызыл-Жар» намысын қорғай бермек.

Сонымен қатар Артем Черединов, Максим Скорых, Вадим Петров, Алмас Измайловпен келісімшарт созылады деп күтілуде.

«Қызыл-Жар» биылғы жылы Конференция лигасында ел намысын қорғайды. Былтыр Петропавл клубы төртінші орын алған.