Сербиялық қорғаушы Александр Симчевич босниялық «Железничар» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі rtvpancevo.rs сайтына сілтеме жасап.

Босниялық клуб 34 жастағы футболшыны қорғаныс бөлігін нығайту үшін шақырған.

Симчевич Қазақстанда 2013 жылдан бері ойнаған. «Шахтер», «Ақтөбе», «Тараз», кейін «Ордабасыда» өнер көрсеткен. Былтырғы маусымда ол шымкенттік клуб сапында ҚПЛ-да 24 матч өткізіп, үш гол соққан.