Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) ресейлік Андрей Сироткинге ((19-1-1, 7 КО) қарсы жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сироткин мен Нұрсұлтанов арасындағы кездесу 5 ақпанда Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясының бокс кешінде басты жекпе-жек болады. Боксшылар орта салмақтағы WBO International титулын сарапқа салады.

Турнир ұйымдастырушылары Инстаграмдағы ресми парақшасында Нұрсұлтановтың жаттығуының видеосын жариялады.