Орталық қорғаушы Әлібек Қасым «Ақтөбе» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайраттың» түлегі 2019 жылдан бері петропавлдық «Қызыл-Жар СК» сапында өнер көрсеткен болатын. Солтүстік Қазақстан облысы ұжымының құрамында 44 ойынға қатысып, 9 доппен көзге түскен. Оның жетеуін ол былтырғы маусымда салған. Сондай-ақ өткен жылы Әлібек Қазақстан құрамасында Солтүстік Македония мен Тәжікстанға қарсы қос жолдастық матчта дебютін өткізген еді.Былтыр Қасым қызылжарлықтарға Конференция лигасына жолдама алуға көмектескен болатын.