Ертең, 3 ақпанда қазақстандық спортшылар үшін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Ақ Олимпиада 20 ақпанға дейін жалғасады. Prosports.kz тілшісі Бейжің Олимпиадасының кестесін ұсынады.

Жарыстардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.

3 ақпан

16:00. Могул. Әйелдер. 1-іріктеуЮлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Олеся Граур

17:45. Могул. Ерлер. 1-іріктеуДмитрий Рейхерд, Павел Колмаков

4 ақпан

18:00. Ашылу салтанаты

5 ақпан

12:20. Трамплиннен секіру. Ерлер. ІріктеуСергей Ткаченко, Данил Васильев

13:45. Шаңғы жарысы. Скиатлон. 15 км. Әйелдер. ФиналНадежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева

14:30. Конькимен жүгіру спорты. 3000 м. Әйелдер. ФиналНадежда Морозова

16:00. Могул. Ерлер. 2-іріктеу.Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков17:30. Финал

17:00. Шорт-трек. 1000 м. Ерлер. Іріктеу.Әділ Ғалиахметов

18:00. Шорт-трек. Аралас эстафета. Іріктеу. Жартылай финал, финал.Абзал Ажгалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан