«Астана» баскетбол клубы америкалық қорғаушы Джейлен Барфордпен келісімшартты үзді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы маусымды Астанада бастап, қазіргі уақытта турнирдің үздік мергендер тізімінде көш бастады – бір ойынға орта есеппен 23,0 ұпай.

Енді Джейлен Барфорд «Локомотив-Кубань» ойыншысы атанды. Америкалық қорғаушымен келісімшарт 1+1 жүйесі бойынша жасалған.