Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өткен түнде Лос-Анджелеске UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізуге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Instagram желісінде Dar Pro Team жекпе-жек клубы мәлімдеді.

«Шавкат Рахмоновтың октогонға оралуына санаулы күндер қалды», - деп атап өтті промоутер.

Спортшы жаттығудың соңғы кезеңін АҚШ-та өткізді.

Еске салайық, 5 ақпанда Рахмонов UFC турнирінде бразилиялық Карлстон Харриске қарсы айқасады.