Бүгін «Барселона» басшылығының кездесуі өтіп, онда Усман Дембеленің болашағы талқыланады.

Кейбір басшылар вингермен келісімшартты дереу бұзуды жақтайды. Усманның келісімшарты жазда аяқталады.

Қаңтар айында «Барселона» Дембелені сатқысы келген еді. Бірақ футболшыға қызыққан команда болмады.

Осы маусымда Дембеле команданың алты матчына қатысып, 2 нәтижелі пас берді.