Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов Оралдың «Ақжайығынан» «Тұранға» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістандық клубтың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Тапаловпен келісімшартқа қол қойылған.

Орал футболының түлегі Еркін Тапалов өткен маусымда «Ақжайық» сапында 25 матч өткізіп, 2 гол соқты. Ол сондай-ақ Қазақстан құрамасына шақырылып, алғашқы кездесулерін өткізген болатын.

Тапалов өзінің Инстаграмдағы парақшасында басқа клубқа кететінін мәлімдеп, «Ақжайық» командасының басшылығына, өткен жылы қолдау көрсеткен жанкүйерлердің бәріне алғысын білдірді.