Футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчында Қазақстан құрамасы Украина құрамасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Кака келесі құрамды ойынға қосты: Игита, Кнауб, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов - Атантаев, Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Тоқаев, Сағындықов.

Өкіншке қарай, Қазақстан матч алдында фаворит саналғанымен, 3:5 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден шығып қалды. Украина жартылай финалда Ресей-Грузия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстан - Украина 3:5 (0:1)

Гол соққандар: Шотурма пенальти 14 (0:1), Корсун 25 (0:2), Зварич 30 (0:3), Дуглас 34 (1:3), Оразов 38 (2:3), Разуванов 39 (2:4) ), Лебед 39 (2:5), Оразов 40 (3:5)