Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия чемпионатының екінші дивизионының соңғы турында «Моленбек» сапында «Мускоронға» қарсы матчта (2:0) дебют жасағаннан кейін үздік сол қапталдағы қорғаушы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы турдың ең үздік ойыншылары қамтылған жазбаның сипаттамасында: «Міне, 1В Pro Лигасының 18-ші турының осы демалыс күніндегі ең үздік 11 ойыншымыз» делінген.