Жартылай қорғаушы Нұрғайни Бөрібаев «Оқжетпеспен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы көкшетаулық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Нұрғайни Бөрібаев былтыр «Тұран» сапында Премьер-лигада алаңға шықты. Аталған командада 17 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды.