Петропавлдық «Қызыл-Жар» қақпашы Владимир Логиновскиймен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Логиновский «Атырау» сапынан «Қызыл-Жарға» еркін агент ретінде ауысты. Футболшы петропавлдық командадан 2010 жылы кетіп, содан бері «Жетісу», «Астана», «Тобыл» және «Таразда» өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы сапында 2 кездесу өткізді.