Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен «Брентфорд» сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Лайалл Томастың мәліметінше, «Интер» мен «Тоттенхэмнің» бұрынғы ойыншысы медициналық тексерістен өткен, таяу арада АПЛ дебютантымен келісімшарт жасасады.

Бұған дейін екі тарап маусым соңына дейін еңбек келісіміне отыратыны хабарланған.

Желтоқсанның ортасында «Интер» Эриксенмен келісімшарт тоқтатылатынын хабарлаған – А сериясында кардиостимулятормен ойнауға тыйым салынған.