Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгияның екінші дивизионында ойнайтын «Моленбек» сапында дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Ойын 18-турда «Мускронға» қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықты. Матч «Моленбектің» жеңісімен аяқталды – 2:0. Вороговский матчта толық 90 минут ойнады.