Египет құрамасы Африка ұлттар кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда олар Марокко құрамасын ұтты.

Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Марокколық жартылай қорғаушы Софьян Буфалдың пенальтиден соққан голына мысырлықтар шабуылшы Мохамед Салахтың дәл соққысымен жауап берді. Ал овертаймда Салахтың пасынан кейін Трезеге шешуші голды соқты.

Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Египет құрамасы Камерунмен кездеседі.