Германияның Инсбурк қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы жүлдегерлер қатарына енді деп, хабарлайды Olympic.kz.

Спортшылар командалық спринтте қола медаль иеленді. Бұл сында Нидерланд алтын, Оңтүстік Корея күміс жүлде жеңіп алған.

Айта кетелік, бұл аталған әлемдік сында Қазақстанның жеңіп алған екінші жүлдесі.

Бұған дейін Алина Дауранова 1000 метрге жүгіруден күміске қол жеткізген болатын