«Үлкен дулыға» санатына жататын Australian Open турнирінің финалында испаниялық Рафаэль Надаль мен ресейлік Даниил Медведев кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мельбурнде өткен ақтық ойынды ресейлік тамаша бастады. Тәжірбиелі қарсыласының адымын аштырмай, алғашқы екі сетті 6:4, 7:6 есебімен өз атына жазды.

Әйткенмен, қалған бөлікте азулы Надаль мінез көрсетті. 35 жастағы спортшы 6:4, 6:4, 7:5 есебімен үш сетте жеңіске жетті.

Матч бес жарым сағатқа созылды. Надаль мансабындағы 21-ші титулына қол жеткізді.