Футзалдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Косенко Еуропа чемпионатының Қазақстанға қарсы ширек финалдық кездесуінің алдында пікір білдірді.

— Ширек финалда Украина құрамасы Қазақстанмен кездеседі. Бұл командамен Еуро қарсаңында спарринг жасай алмағаныңызға өкінбейсіз бе?

— Мұнда екі сезім бар. Егер біз Қазақстанмен ойнасақ, мүмкін жақсы дайындалар ма едік. Бірақ бұл тек болжам. Сонымен қатар қарсылас бізді жақсы зерттей алатын еді, біз де.

Спаррингтің өтпегенін жақсы немесе жаман деп айту қиын. Ең бастысы — біз келесі кезеңге өттік. Ойынға дайындаламыз.

— Қазақстандықтармен кездесуден қандай үміт күтесіз?

— Еуро-2022-де барлық командалармен оңай ойын болған жоқ, ширек финал да сондай болмақ. Қазақстанды таныстырудың қажеті жоқ – әр түрлі додаларда әрдайым жоғары орындарда болатын әлемдік деңгейдегі команда. Біз дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз, басқасына келіспейміз.