Абу-Дабиде өтіп жатқан ММА-ден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасынан Айжан Әбдіқадыр (Жамбыл облысы) шықты.

Ол 70,3 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Айжан екі раунд бойына жекпе-жекте жеңіп, үшінші раундта оның қарсыласы ресейлік Ольга Лагодная қолға ауырту әдісін жасады.

Айжан қолайсыз жағдайдан шыға білді, сонда да төрешілер ресейлік спортшыға басымдық берді.