Қазақстандық теннисші Анна Данилина бразилиялық Беатриз Аддад Майямен жұптасып, теннистен Аустралия ашық чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ отандасымыз «Үлкен дулыға» турнирінде чемпион атана алмады.

Қазақстан-бразилиялық жұп финалда чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковадан жеңіліп қалды.

Екі сағат 42 минутқа созылған кездесу 7:6, 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.