Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита Италияға қарсы матчтан кейін елге деген махаббатын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Игита Инстаграм-парақшасында командамен бірге түскен суретін жариялап, «Бұл менің елім, менің махаббатым, менің өмірім!» деп жазды.

Айта кетейік, 2022 жылғы ЕУРО-да Қазақстан құрамасы топтан бірінші орынмен шыққан болатын. Ширек финалда біздің команда Украинамен кездеседі.