«Қайрат» және «Хайдук» (Сплит, Хорватия) футбол клубтары «сары-қаралардың» қорғаушысы Дино Микановичтің ауысымы бойынша келісімге келді.

Қорғаушы «Қайрат» сапына 2019 жылы келген болатын, командамен бірге (2020 жылы) Қазақстан Чемпионатының және (2021 жылы) Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

Алматылық клуб сапында барлығы 97 кездесу өткізіп, 1 гол және 10 голдық пастың авторы атанған.