«Каспий» ресми түрде «Қайсардың» капитаны Думан Нәрзілдаевпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Думанның бұрынғы клубы ойыншыға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі:

«Командамыздың капитаны, локомотивы болған Думан Нәрзілдаев жаңа маусымда "Каспий" сапында өнер көрсетеді. 10 маусым үздіксіз «Қайсардың» намысын абыроймен қорғап, клубтың Еуропа лигасында өнер көрсетуіне ықпал жасағаның үшін алғыс айтамыз! Жаңа командаңда жақсы нәтижеге жетуіңе сәттілік тілейміз!

Қасқырларға қайта оралуыңды күтеміз!».