Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, колумбиялық Роджер Каньяс биылғы маусымды «Шахтерде» өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақын арада колумбиялық клубпен келісімшартқа отыруы керек.31 жастағы жартылай қорғаушы 2012-2013 жылдары қарағандылық «Шахтер» клубында өнер көрсеткен. 51 матч өткізіп, жеті гол соққан. Ол «Шахтерға» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне және Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге көмектескен болатын.

Осылайша, қарағандылық «Шахтер» легионерлер бойынша барлық позицияларды толықтырды - Иван Граф (Хорватия), Абдель Азиз Ламанге (Франция), Стефан Букорак (Сербия), Эдин Рустемович және Джордье Чосич (екеуі де - Босния және Герцеговина), Дарко Зорич (Черногория), Микола Ковталий. (Украина) және Роджер Каньяс (Колумбия).

Сондай-ақ командада шетелдік футболшылардың лимитіне жатпайтын Павел Назаренко (Беларусь), Владимир Хозин және Кирилл Маляров (екеуі де-Ресей) бар.