Петропавлдық «Қызыл-Жар» бірқатар ойыншылармен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мирослав Лобанцев, Валерий Каршакевич, Олег Мурачев, Ерасыл Сейтқанов, Дмитрий Шмидт, Руслан Есімов, Юрий Бушман, Мусса Коне, Пабло Подио, Павел Яковлев, Тимур Мулдинов солтүстікқазақстандық клубпен келісімшатқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-2021 чемпионатының қорытындысы бойынша «Қызыл-Жар» төртінші орын иеленіп, 2022/2023 жылғы Конференциялар лигасына жолдама алған болатын.

+