2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Иран құрамасы мен Ирак құрамасы кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тегеранда өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалғыз голды 48-минутта Мехди Тареми соқты.

Осылайша, Иран құрамасы Катарда өтетін әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды.