Мәскеудің ЦСКА клубы «Сантостың» шабуылшысы Марио Сантосқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Дереккөздің айтуынша, Марио Сантосқа Фламенго мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бір клубы да үміткер. Футболшының өзі мансабын «Фламенгода» жалғастыруды қалайды, бірақ Сантос өз ойыншысын ішкі біріншіліктегі қарсыласына сатқысы келмейді. Transfermarkt интернет-порталы Марионың нарықтық құнын 3,5 миллион еуроға бағалап отыр.

31 жастағы бразилиялықтың негізгі позициясы - оң қанатты қорғаушы. 2021 жылы Марио Сантос 42 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА сапында өнер көрсетеді.