«Ювентустың» шабуылшысы Пауло Дибалаға «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дибаланың «Ювентуспен» келісімшарты биыл жазда аяқталады. Егер жаңа келісімшарт жасалмаса, ол осы жазда еркін агент атанады.

Сол үшін «Манчестер Сити» аргентиналық ойыншыны қатарға қосуға ниетті. Оған жылына 10 миллион еуро жалақы төлеуге дайын.

28 жастағы футболшы осы маусымда туриндік клуб сапында 23 ойынға қатысып, 11 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, бұған дейін Дибалаға «Ливерпуль» де қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.