Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао Твиттерде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Деметриус Андраде WBO белбеуінен бас тартады деп естідім, егер солай болса, Жәнібек Әлімханұлы мен Эскива Фалькао жекпе-жегін ұйымдастырайық. Қазақстанға баруға дайынмын. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салайық»,- деп жазды бразилиялық боксшы.

Әлімханұлының жауабы ұзақ күттірмеді.

«Бауырым, сені нокаутқа түсіретінімді білесің. Саған керек пе сол?», — деп жазды Әлімханұлы.