«Тобыл» футбол клубы Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевичпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 жастағы футболшымен келісімшарт маусым соңына дейін жасалған. Жарко 33-нөмірмен өнер көрсетеді.

Еске салайық, Жарко Томашевич кейінгі үш маусымда елордалық «Астананың» намысын қорғаған.