Иван Альбертович Данильянц «Қайрат» бас бапкері Құрбан Бердыевтің ассистенті атанды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

1998-1999 жылдары Молдавия құрамасының бас бапкері болып, 2000 жылы «Шериф» (Тирасполь) клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Данильянц Бердыевтің бапкерлік штабында алғаш рет жұмыс істейін деп тұрған жоқ. «Ростовта» Құрбан Бердыевтің бапкерлік штабында болып, 2016 жылы ресми түрде «Ростов» бас бапкері лауазымына тағайындалды. 2017 жылдың маусым айында Бердыевпен бірге «Ростовтан» «Рубинге» ауысты. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Молдова футбол федерациясының спорттық директоры болып қызмет етті.