Tennis Europe (ТЕ) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бір ай бойы көш бастап келеді.

Жасөспірімдер арасында ұйымның жалпы кестесінде Заңғар төртінші орында тұр. Даниэль Тазабеков 22-орында қалса, тағы бір қазақстандық Дамир Жалғасбай Минскіде өткен жарыстың финалына шығуы нәтижесінде 28-сатыға көтерілді.