«Жетісу» клубтың бас бапкері болып Эдуард Глазуновтың тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

51 жастағы маман «Жетісу», «Қазақмыс», «Оқжетпес», «Жеңіс», «Қызыл-Жар» сынды клубтарды жаттықтырған.

Естеріңізге сала кетейік, «Жетісу» Қазақстан чемпионатында соңғы орын алып, Бірінші лигаға ұшып кеткен болатын.